"Кеден қызметінің майоры 13 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды. Ол осы ақшаны тауарды шекарадан кедендік рәсімдеусіз шығарып бергені үшін бопсалаған", -делінген хабарламада.
ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы ұсталған кеденшінің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабының 2 тармағы бойынша (лауазым иесінің пара алуы) қылмыстық іс қозғады. Ұсталған ОҚО ҰҚКД -нің тергеу абақтысына қамалды.