Тұтқындалғандардың арасында 3,5 мың доллар мөлшерінде пара алған Арыс аудандық сотының судьясы, 15 мың теңге пара алған Кентау қалалық қылмыстық -атқару жүйесінің инспекторы, сондай-ақ, мемлекеттік «Күзет» қызметі Түркістан бөлімшесінің бастығы мен Қазақстан-араб университетінің ректоры бар. Аталмыш барлық деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен бірге 31-қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облыстық тәртіптік кеңес Сарыағаш ауданы Ұшақты ауылдық округінің әкімі Мәлік Түнғатарға қатысты істі қарады. Іс материалдарына сәйкес, әкім жер телімін рәсімдеу қызметінің құнына шаруадан 5 мың теңге сұраған. Күдікті болса ақшаны көлік және кеңсе шығындарын өтеу үшін қажет еді, ал ауылдасыма ақысыз көмек көрсетпек болдым деп мәлімдеді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ, ауыл әкімі әкімшілік жаза жүктейтін болады.