Сайрам аудандық прокурорының көмекшісі мен осы ауданның сот үкімін атқарушысы 200 доллар және 3 мың теңге көлемінде пара алған сәтте қолға түсті. Олар Аққала ауылының тұрғынынан жер телімін бөлуге қатысты сот шешімінің орындалуы үшін ақша талап еткен.
Сондай-ақ, ҰҚКД-нің шұғыл тергеу тобы облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының инспекторын 30 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ұстады. Ол бір ЖШС-тің директорынан лицензиялы іс-қызметпен шұғылдануға қорытынды жасап беруге пара тілеген.
Бұл деректер бойынша ҰҚК-нің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық істер қозғап, тұтқындар ҰҚКД-нің тергеу абақтысына қамалды.