Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, жексенбі күні түс әлетінде Леңгір- Первомаевка автожолының 31-ші шақырымында бір жеке меншік фирманың жанармай тарату станцияларынан ақша жинап жүрген инкассаторлық машинасына қарақшылық шабуыл жасалған. Автокөлікте 25 және 33 жастағы екі инкассатор отырған. Қақ желкеден жарақаттанған бір жігіт оқиға орнында жан тәслім етсе, екіншісі ауруханаға барар жолда қаза тапты.
Қазіргі жағдаймен шабуылшылардың нақты саны мен қолды болған ақшаның саны белгісіз. Ревизия жүргізілуде. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті