Оңтүстік Қазақстан облысында қараусыз қалған үш бала қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қараусыз қалған үш бала қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында қараусыз қалған үш бала қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында бас-аяғы үш күн ішінде қараусыз қалған үш бала қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2005
  • 474
Фото - Caravan.kz

11-маусымға қараған түні Түркістанда жеке меншік үйдің ауласындағы 15 метрлік құдықтан құтқарушылар 5 жастағы баланың мәйітін алып шықты. Қазір өлімнің себептері анықталу үстінде.

12-маусымда Сайрам ауданы Сайрам ауылындағы бір үйдің ауласында шөп сақтайтын қора өртенді. Қораның ішінде қалып қойған 4 жасар бүлдіршін қызды құтқару мүмкін болмай қалды.
13-маусымда құтқарушылар Текесу өзенінен 9 жастағы ұлдың мәйітін тауып алды. Ол жуырда ғана жоғалып кеткен болатын. Күндіз үйінен атқа мініп шыққан ұл қайтадан оралған жоқ. Соңынан өзен жағалауынан оның аяқ киімі табылды. Шақыру бойынша оқиға орнына келген 8 құтқарушы өзеннің әрбір шаршы метрін сүзіп шықты.
Биыл осымен 16 жасқа дейінгі 19 бала суға кетті. Жалпы судан қаза тапқандар саны 43 адамға жетті.

Перейти к новостям спорта