Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының бұрынғы бастығы 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының бұрынғы бастығы 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қаржы полициясының бұрынғы бастығы 5,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық соты қаржы полициясының ауданаралық басқармасының бұрынғы бастығын 5,5 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ҰҚК Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 494
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылдың мамыр айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД қызметкерлері полковникті Кентаудағы тәртіпке бағынбай кеткен балаларға арналған мектеп-интернаттың директорынан 3 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінен қолға түсірген. Тәртіп сақшысы бұл ақшаны интернаттағы беті ашылған қаржылық заң бұзушылық дерегін жасырып қалу ақысы ретінде талап еткен.

Айыпкер сот үкіміне қарсы заң тәртібі аясында шағым түсіре алады.

Перейти к новостям спорта