Оңтүстік Қазақстан облысында қаза тапқан жігіттің анасы полиция офицерлеріне жалған жала жапқаны үшін сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қаза тапқан жігіттің анасы полиция офицерлеріне жалған жала жапқаны үшін сотталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қаза тапқан жігіттің анасы полиция офицерлеріне жалған жала жапқаны үшін сотталды

Шымкент. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында қаза тапқан жігіттің анасына ОҚО ІІД-нің жоғары шенді полиция офицерлеріне жалған жала жапқаны үшін бір жылға жалпы тәртіптегі абақтыға жіберу жазасын жүктеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Тамыз 2008
  • 620
Фото - Caravan.kz

Шымкент қаласының Әл Фараби аудандық сотында Сарыағаш ауданының тұрғыны Сәуле Жұмағұловаға қатысты үкім жария етілді. Судья Шара Бейсимбиева әйелді ОҚО ІІД бастығының орынбасары Батырбек Отыншиев пен тергеу басқармасының бастығы Орынбасар Қабыштаевқа жалған жала жапқан айыпты ретінде таныды. С. Жұмағұлова жоғары сатылы құқық қорғау органдарына жазған арызында Б. Отыншиев пара алуға байланысты оның баласының өлімін тексеруге кедергі келтіріп отыр, ал О. Қабыштаев кісі өлтірушінің туысы болғандықтан, қылмысты жасырып отыр деп жазған. С.Жұмағұлова осындай пайымдарын БАҚ өкілдеріне де жайып салған. Алайда, сотта әйел өз сөзіне дәлел келтіре алмады.

Жарияланған үкімге қарсы әйел облыстық сотқа шағымдана алады.

Осы оқиғаның алдында мынадай жағдайлар болған. 2006 жылдың 8 желтоқсаны күні түнде С. Жұмағұлованың 25 жастағы ұлы Сарыағаш ауданындағы Ораз ата ауылында өз қызының үйінің жанындағы жолда қанға бөгіп жатқан жерінен табылған болатын. Ауыл арқылы көлік көп жүретін Шымкент — Жетісай тас жолы өтеді. Сот-медициналық сараптама қорытындысы жігіттің өліміне автожарақат себеп болғанын көрсетті. Осындай негізбен ҚР Қылмыстық кодексінің (жол қозғалысының қауіпсіздігі мен пайдалану ережелерін бұзу салдарынан адамды өлімге душар ету жөнінде) 296-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. 2007 жылдың 19 ақпанында қылмыстық істі тексеру тоқтатылған. Алайда, 16 наурызда іс қайта қозғалып, 7 сәуірде жәбірленушінің тақауырымен және Сарыағаш аудандық прокурорының ауызша бұйрығымен қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің кісі өлтіру жөніндегі 96-бабының 1-тармағына ауысытырып, облыстық ІІД-нің тергеу басқармасына жіберген. Жігіттің өлімге душар болу себебі мен кінәлілер әлі анықталған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар