Комиссия жұмысы 17-қыркүйекке дейін созылады. Осы уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандары арқылы өтетін шекара сызығын айқындауға бағытталған тәжірибелік жұмыстар өткізіледі. Бұған дейін республиканың әкімшілік шекаралары көбінесе елді мекендер арқылы өткендіктен, қазір өзара алмастық туралы мәселені келісу талабы туындап отыр. Соған сәйкес кейбір құрылыс-ғимараттар Өзбекстанның иелігіне өтсе, кейбірі Қазақстан аумағында қалады.
Мамандар болжамына сәйкес, алдағы жиын барысында келісім бойынша үйлері Өзбекстанның иелігіне өтетін тұрғындар үшін қиындықтар туындамақ.