Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан тарихында тұңғыш рет аса ірі көлемдегі героин партиясы тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан тарихында тұңғыш рет аса ірі көлемдегі героин партиясы тәркіленді

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан тарихында тұңғыш рет аса ірі көлемдегі героин партиясы тәркіленді

Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан ІІМ-нің бірлесе жүзеге асырған шараларының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақстан тарихында тұңғыш рет аса ірі көлемдегі героин партиясы тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің орынбасары, есірткі саудасымен және заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі комитеттің төрағасы Анатолий Выборов бүгін, 21-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2005
  • 393
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ баба ауылының маңында жүзеге асырған операцияның нәтижесінде Volvo жүк көлігі ұсталды. Автокөліктегі арнайы жабдықталған құпия қоймадан Ауғанстанда өндірілген 64 кило героин шықты. А.Выборовтың айтуынша, есірткі «Еуропадағы бір елде сатуға бағытталған екен». Сонымен бірге халықаралық есірткі трафигі желісінің маңызды буындарының бірі болып табылған үш Қазақстан азаматы қамауға алынды.

ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен және заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі комитетінің төрағасы бұл шара тыңғылықты дайындық және есірткі саудагерлерін ұзақ уақыт бойы аңду нәтижесінде жүзеге асырылғанын хабарлады. Қазір тұтқындар шұғыл -тергеу шарасынан өтуде.
Жалпы алғанда 2005-жыл басынан бері есірткі саудасымен және заңсыз есірткі айналымымен күрес жөніндегі комитет қызметкерлері 2 тоннадай есірткі түрлерін тәркіледі. Соның ішінде 93 кило героин, 20 кило апиын, 39 кило гашиш табылды. Ұйымдасқан 3 қылмыстық топтың тамырына балта шабылды.

Перейти к новостям спорта