Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманғы кірпіш зауыты іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманғы кірпіш зауыты іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманғы кірпіш зауыты іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін керамикалық кірпіш зауыты іске қосылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 984
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорны қуысты кірпішпен бірге М125 маркалы қарапайым кірпіш пен құрылысқа арналған қаптама тас өндіретін болады.

Кәсіпорын құрылысқа арналған балшықтың карьерінің жанында орналасқандықтан, өнім біршама арзанға түспек. Мәселен, керамикалық кірпіштің өзіндік құны 6 теңгені құраса, базарға ол 12 теңгеге шығарылады. Алайда, кәсіпорын басшылығы өнім мөлшері ұлғаю нәтижесінде кірпіштің бағасы арзандайды деп санайды.
Зауыт Ресей, Украина және Түркияда жасалған қазіргі заманғы жабдықтармен жарақталған. Кәсіпорын жылына 15 млн. дана кірпіш өндіре алады. Алдағы уақытта екінші пешті іске қосу нәтижесінде өнім мөлшері екі есе артпақшы.
Қазір зауытта 56 адам жұмыс істеуде. «Ең бастысы, бұл зауыт квотадан тысқары елге келген 4,5 мың оралмандар тұратын, кәсіпорынға таяу жердегі Алтын төбе және Шұбарсу ауылдарындағы әлеуметтік проблемаларды жартылай шешуге мүмкіндік береді. Мұнда жұмыссыздық проблемасы айрықша күрделі сипатта. Зауыт толыққанды іске қосылған жағдайда онда 150 адам жұмыс істейтін болады»,- деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Кеңес Ысмайылов.
Бұл — Ордабасы ауданындағы осындай екінші, ал облыс бойынша сегізінші кәсіпорын.

Перейти к новостям спорта