Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР әділет министрлігінің ұйымдастыруымен "Интеллект- 2005" шарасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР әділет министрлігінің ұйымдастыруымен "Интеллект- 2005" шарасы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР әділет министрлігінің ұйымдастыруымен "Интеллект- 2005" шарасы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР әділет министрлігінің ұйымдастыруымен "Интеллект- 2005" бағдарламасы аясындағы шаралар басталды. Шараның мақсаты - санаткерлік меншік саласындағы заң бұзушылықтың алдын алу және алдын алу, қарақшылыққа және заңсыз шығарылған өнімдерді таратуға қарсы өзара ықпалдастықты күшейту болып табылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Наурыз 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Инетллект» бағдарламасының шеңберінде өнертапқыштар арасындағы байқау өткізіледі. Ең таңдаулы туындылар республикалық сынаққа жіберіледі. Бағдарламаның бұл сатысы Қазақстан президентінің жолдауын жүзеге асыруға бағытталған. Және ол Қазақстанды индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-жылға дейінгі бағдарлама аясында өткізіліп отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің жанынан бұл шараны өткізу жөніндегі штаб құрылды. Оған әділет және білім беру департаменттері мен оңтүстік аймақтық ұлттық санаткерлік меншік институтының қызметкерлері енді.

Шара аясында әділет департаментінде патенттік клиника жұмыс істейтін болады. Бұл жерде қалаған адам санаткерлік меншікке қатысты тегін ақыл-кеңес ала алады.

Перейти к новостям спорта