Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққандар саны арта түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққандар саны арта түсуде

Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққандар саны арта түсуде

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында құрт ауруына шалдыққан 1369 адам тіркелген. Ал өткен жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 1258-ді құраған болатын. Өсім 8,8 процентті құрап отыр. Биыл аталмыш дерттен 150 адам дүние салды. Ал өткен жылдың осы мерзімінде 127 адам қайтыс болған еді. Өсім- 18 процент. Бұл мәліметтер құрт ауруымен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің облыстық әкімшілікте өткен жиынында жария етілді.

  • 22 Тамыз 2003
  • 450
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы құрт ауруына шалдығу және одан қайтыс болу ахуалы ауыр деп бағаланды. Әсіресе құрт ауруы көрсеткіші 85,4 процентті құрайтын Арыс әкімшілік аймағы, 45,8 процентті құрайтын Түркістан әкімшілік аймағы, сондай-ақ, көрсеткіш 32,7 процентке жеткен Шардара ауданы тәрізді аймақтарда ахуал тіптен ауыр. Мамандардың айтуынша, адамдардың дертке шалдығу жағдайы тым кеш анықталады.

Отырыста атап көрсетілгеніндей, құрт ауруымен күресте иммунология саласына баса назар аударылуы тиіс. Дәрігерлердің осы бағыттағы кәсіби білімін шыңдауға, жаңа иммунологиялық зертханалар ашуға, иммунологиялық дәрі-дәрмектер сатып алуға көңіл бөлінуі керек деді мамандар. Бұл қадамдардың барлығы дәстүрлі емдеу тәсілдеріне бой бермейтін құрт ауруының әбден асқынған түрлерін емдеуде қолғабыс тигізеді.

Соңғы жаңалықтар