Оңтүстік Қазақстан облысында құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөнінде эксперимент жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың  генофондын қайта жаңғырту жөнінде эксперимент жүргізілуде

Оңтүстік Қазақстан облысында құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөнінде эксперимент жүргізілуде

ШЫМКЕНТ. 13-маусым. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөнінде эксперимент жүргізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шымкент хайуанаттар бағы директорының ғылым жөніндегі орынбасары Латиф Әлиев хабарлады.

  • 13 Маусым 2007
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Біз экспериментке қамтылған хайуанаттардың екінші буынының ұрпағын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз»,- деді Л.Әлиев. Оның айтуынша, эксперименттің басында еуропалық муфлон Қаратау арқарымен будандастырылған. «Біз еркек және ұрғашы хайуанаттардың қай-қайсысының да тұқымын алдық»,- деді директордың орынбасары. Арқармуфлондар бұдан кейін өнімділігі мен өміршеңдігін арттыру үшін қоймен шағыстырылды. Будандастыру нәтижесінде алынған екінші буын жануарлары бұдан кейін таза тек алу үшін жабайы жануарлармен будандастырылады.

Ғалымдар «жаңа» жануарлар тағы муфлондар мен арқарлардың барлық белгілерін сақтайды, бірақ, белсенді көбейіп, жоғары өміршеңдік әлеуетке ие болады деп санайды.

Л.Әлиевтің айтуынша, құрып бара жатқан тағы хайуанаттардың генофондын қайта жаңғырту жөніндегі эксперимент ҚР жалпы генегика және цитология институтының басқаруымен өткізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті