Оңтүстік Қазақстан облысында қымыз фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында қымыз фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында қымыз фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу-Жабағылы қорығында 5-маусым, жексенбіде "Ақсу-Жабағылы - Жібек Жолындағы сұхбат" атты халықаралық семинар аясында облыс бойынша тұңғыш рет "Қымыз фестивалі" өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Маусым 2005
  • 570
Фото - Caravan.kz

Фестивальға ұлттық сусынды құрметтеушілер жиналды. Түрлі шаруа қожалықтарында әзірленген қымыздың дәмі татылды. Сусынның пайдасы және оны әзірлеу технологиясы төңірегінде әңгіме өрбіп, қымызды әзірлеуге қатысты бұйымдар назарға ұсынылды.

Фестиваль шеңберінде қымызды сүйсіне тұтынушылар арасында байқау өтіп, бір жолда пайдалы сусынның 7 литрін бірақ ішкен Шүкірбұлақ ауылының тұрғыны Ордабек Сәтбаев жеңімпаз атанды.
Фестивальдан қалған қымыз облыстық құрт ауруына қарсы дауажайға табыс етілді.

Перейти к новостям спорта