Оңтүстік Қазақстан облысында Қытайдың геоинженерлік компаниясына Қазақстанның еңбек заңын бұзғаны үшін айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында   Қытайдың геоинженерлік компаниясына Қазақстанның  еңбек заңын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қытайдың геоинженерлік компаниясына Қазақстанның еңбек заңын бұзғаны үшін айыппұл салынды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасының Арнасай бөгетін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуші Қытайдың геоинженерлік компаниясына еңбек заңын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Тамыз 2005
  • 507
Фото - Caravan.kz

Облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері Шардара су қоймасының гидроқұрылғыларын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына өткізілген тендерде жеңіске жеткен Қытайдың геоинженерлік компаниясындағы еңбек ұйымдастыру жағдайына тексеру жүргізді. Мұндай тексеру өткізуге 6-тамызда облыс әкімі Болат Жылқышиевтің Шардара ауданына жасаған сапары кезінде компанияға жалданған жергілікті жұмысшылардың жалақы мөлшерінің 10-15 мың теңгеден аспайтынын, мерзімнен тыс істеген жұмыс үшін ақы төленбейтінін, демалыссыз жұмыс істеуге тура келетінін айтып шағымдануы түрткі болды.

Тексеру нәтижесінде жұмысшылармен арадағы еңбек келісімі бір жылға жетпейтін мерзімге жасалғаны анықталды. Ал бұл — Қазақстан заңына қайшы. Сонымен бірге келісім-шартында жалақы төленетін күн мен еңбек демалысының мерзімі көрсетілмеген. Жұмыс кезегінің бекітілген кестесі де болмай шықты.
Корпорация басшылығы жұмысшылар үшін тазалық жағдайларын жасамағаны анықталды. Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің қызметкерлері құрылыс алаңдарында қауіпсіздік техникасын бұзуға қатысты бірқатар деректерді әшкереледі. Тексеру қорытындысына қатысты есеп Қытайдың геоинженерлік корпорациясының басшысы Ху Вебейнге таныстырылды. Аталмыш заң бұзушылықтар үшін оған 10 айлық есептік көрсеткіш немесе 9710 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен бірге «ҚР еңбек туралы» заңының 89-бабы, 3-тармағына сәйкес Қытайдың геоинженерлік корпорациясының филиалына заңды тұлға ретінде 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 24275 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Бұл корпорацияның іс-қызметін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің облыстық департаменті өз бақылауына алды.

Перейти к новостям спорта