«22-қарашада кома жағдайында аудандық ауруханаға жеткізілген сержант Бекболат Нитулин 26-қараша күні таңертең қайтыс болды»,- деп хабарлайды басқарма бастығы Болат Тойбеков.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Сарыағаш ауданындағы «Дархан» заставасында қызмет етіп жүрген шекарашылар мен басқа әскери бөлімшеден келген олардың әріптестері арасында жаппай төбелес болып, соның салдарынан 18 адам зардап шекті. 21 жастағы Б.Нитулин аса ауыр жарақаттанған. Оның басынан орындықпен ұрған.
Б.Тойбековтың айтуынша, қазір бір қатардағы жауынгердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «бастыққа қарсы зорлық-зомбылық әрекет жасау жөніндегі» 369-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ол бойынша әскерге 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы жүктеледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті