Қауымдастықтың орталығы Алматыдан Шымкентке көшіп орналастырылды.
Республикамыз бойынша ең ауқымды өзбек диаспорасын құрайтын 400 мың өзбек ұлты өкілдері Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады. Олар үшін ана тілінде әркімнің қолы жететін сапалы білім алу — ең өткір мәселе. Қауымдастық басқармасы жуырда ҚР білім және ғылым министрлігіне өтініш жолдап, тест сұрақтарын өзбек тілінде
дайындауды және «Өзбек тілі және әдебиеті» деген мамандық бойынша грант және кредит бөлуді сұрады. Сонымен бірге, Өзбекстандық телебағдарламаларды ретрансляциялауды қайтадан жандандыру жұмысы жүргізілуде.