Оңтүстік Қазақстан облысында сафлор егу науқаны басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында сафлор егу науқаны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында сафлор егу науқаны басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында сафлор егу науқаны басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Оңтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы департаменті төрағасының орынбасары Оразәлі Омаров хабарлады.

  • 18 Наурыз 2004
  • 479
Фото - Caravan.kz

Сафлор егуге арналған егістік алқабының жалпы аумағы 56 мың гектарды құрайды. Қазіргі жағдаймен оның 14 мың гектарына тұқым себілді.

Оңтүстік Қазақстан облысында биыл жалпы егістік алқаптары 733,9 мың гектарды құрайды. Оның 222 мың гектарына дәнді масақтылар егілсе, ондай дақылдардың басым бөлігін күздік дақылдар иемденбек. Жаздық дақылдар егуге арналған 36 мың гектардың қазір 69 процентіне тұқым себілді. Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Сарыағаш, Қазығұрт және Шардара аудандарында жаздық дақылдар егу науқаны толық аяқталды.
О.Омаровтың айтуынша, осымен еуінші мәрте қайталанған қатқақ күздік дақылдарға зиян келтірмегенімен, жеміс ағаштары зардап шегуі мүмкін. Алайда, дәл қандай түрлері зардап шегетінін қазір тап басып айту мүмкін емес.
2004-жылы жанар-жағармай, минералды тыңайтқыш және тұқымдық материалдар сатып алуға республикалық бюджеттен 270 млн. теңге бөлінді, бұл қаржы аудандарға аударылып үлгерді. Облыстық дихандар 39 мың тонна жанар-жағармайды жеңілдетілген бағамен алады.

Соңғы жаңалықтар