Оңтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақтан уланған адамдардың саны екі есе артты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+9 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақтан уланған адамдардың саны екі есе артты

Оңтүстік Қазақстан облысында саңырауқұлақтан уланған адамдардың саны екі есе артты

ШЫМКЕНТ. 13-қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері саңырауқұлақтан уланған адамдардың саны екі есе артты. Бұл туралы облыстық аурухананың токсикология бөлімінің меңгерушісі Қуаныш Матаев журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today .

  • 13 Қараша 2006
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Өткен демалыс күндері бізге саңырауқұлақтан уланған 16 адам жеткізілді. Бүгін түнде 8 жасар ұл реанимацияда қайтыс болды. Бұл осымен екінші өлім. Өткен аптаның аяғында бір әйел қайтыс болған. Тағы 7 адам әл үстінде жатыр»,- деді С.Матаев.

Облыстық аурухананың токсикология бөлімі меңгерушісінің айтуынша, адамдар қозықұйрық іспетті саңырауқұлақтан уланған. «Ауру белгілері адамдардың осы саңырауқұлақтан уланғанын білдіреді»,- деді Қ.Матаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шымкентте өткен аптада жиырма адам саңырауқұлақтан уланып, облыстық аурухананың токсикология бөліміне жатқызылған. Қазіргі жағдаймен зардап шеккендердің саны 35 адамға жетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта