Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды
Шымкент. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қазанында қаржы полициясына Созақ ауданының тұрғыны шағымдана келіп, облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығы оған өзінен ертеректе алған 120 мың теңге көлеміндегі параны қайтарып бергенін хабарлаған.
"Шағымданушының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығы 2006 жылы одан Созақ аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау бөлімінің бастығы қызметінде қалдыру үшін 5 мың доллар көлемінде пара беруді талап еткен. Сол кезде шағымданушы оған талап етілген соманың бір бөлігі - 120 мың теңгені берген. Алайда, ол қалған ақшаны тауып бере алмауға байланысты басқарма бастығы оны қызметінен босатқан", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін