Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Шымкент. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облыстық қаржы полициясының қызметкерлері санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасы бастығының үстінен қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 21 қазанында қаржы полициясына Созақ ауданының тұрғыны шағымдана келіп, облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығы оған өзінен ертеректе алған 120 мың теңге көлеміндегі параны қайтарып бергенін хабарлаған.

«Шағымданушының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығы 2006 жылы одан Созақ аудандық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау бөлімінің бастығы қызметінде қалдыру үшін 5 мың доллар көлемінде пара беруді талап еткен. Сол кезде шағымданушы оған талап етілген соманың бір бөлігі — 120 мың теңгені берген. Алайда, ол қалған ақшаны тауып бере алмауға байланысты басқарма бастығы оны қызметінен босатқан», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының бастығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар