Оңтүстік Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан   облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов жеңді

Оңтүстік Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында "Отан" партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов жеңді

Бүгін, 19-тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында сенат депутаттарының сайлауы барысында, алдын-ала мәлімет бойынша, "Отан" партиясының мүшесі Қуаныш Айтаханов жеңіске жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық сайлау комиссиясынан хабарлады.

  • 19 Тамыз 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Қ.Айтаханов 163 сайлаушының дауысын жинады.

Депутаттықтан екінші үміткер, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуроры Жарқынбек Оспанов 131 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстан облысында қалалық, аудандық және облыстық мәслихаттардың 306 депутаты бар. Бүгінгі сайлауға 295 сайлаушы қатысты.
Сайлау комиссиясының хабарлауынша, сенат депутаттарының сайлауы барысында 1 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Перейти к новостям спорта