Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар далада адасып кеткен балаларды құтқарды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар далада адасып кеткен балаларды құтқарды

Оңтүстік Қазақстан облысында шекарашылар далада адасып кеткен балаларды құтқарды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Абай" заставасының шекарашылары адасып кеткен екі ұл баланы тауып алды, деп хабарлады Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

  • 6 Қазан 2014
  • 487
Фото - Caravan.kz

Кеше кешке "Абай"заставасының N2041 әскери бөлімшесіне шекаралық селоның тұрғыны өтінішпен барған, оның айтуынша, таңертең малға кеткен 8 және 7 жастағы екі ұлы үйге қайтып оралмаған, делінген дүйсенбіде таралған ақпаратта.

Басшылыққа баяндалған соң шекаралық заставаның іздеу тобы іздеуді ұйымдастыру үшін сол ауылға шықты.

"Шекарашылар қызметіне орай ол ауданның қыр-сырын, жолдарын түгел біледі. Түнгі сағат 12 шамасында балалар табылды. Олар қараңғыда адасып, ауылдан 19 шақырым жерге ұзап кеткен екен", делінген онда.