Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік волонтер ВИЧ індетін жұқтыруға байланысты ата-анасы бас тартқан балаға жаңа ата-ана іздеуде - телеарна - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік волонтер ВИЧ індетін жұқтыруға байланысты ата-анасы бас тартқан балаға жаңа ата-ана іздеуде - телеарна

Оңтүстік Қазақстан облысында шетелдік волонтер ВИЧ індетін жұқтыруға байланысты ата-анасы бас тартқан балаға жаңа ата-ана іздеуде - телеарна

Шымкент. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Шымкенте бір ата-ана баласы ВИЧ індетін жұқтыруға байланысты одан бас тартты. Қазір шетелдік волонтер ұл баланы шетелдерде асырап алатын адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Отырар" телеарнасына сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2008
  • 415
Фото - Caravan.kz

Телеарнаның хабарлауынша, үш жасар баланың ата-анасы одан бас тартқан. Журналистердің айтуынша, баланың ата-анасы мемлекет пен «Балаларлы СПИД-тен қорғау» атты облыстық қордан бөлінген баланы емдеуге қажетті барлық қаржыны алған.

Қазір бала жан сақтау бөлімінде жатыр, одан шығарылғаннан кейін оны балалар үйіне жіберуге тіис.

Телеарнаның ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетін жұқтырған балаларға көмек көрсету үшін Франциядан келген ерікті Людовик Захид сәбиді асырап алатын адамдарды іздестіруде.

«Марат туралы барлық ақпаратты мен Еуропада, Америка мен Австралияға жария етемін. Баланың жаңа ата-анасы пайда болады дегенге сенемін. Өз басым сол үшін бәрін істейтін боламын», — деді Людовик Захид.

Еріктінің өзі ВИЧ індетін жұқтырған. Ол өзінің үлгісінде ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ата-аналарына осындай диагноз қойылған күнде де толыққанды өмір сүруге болатынын паш етіп көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар