Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта өңдейтін зауыттың құрылысы салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта өңдейтін зауыттың құрылысы салына бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта өңдейтін зауыттың құрылысы салына бастады

Еліміздегі ақ алтын өндіретін орталық- Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында шикі мақта өңдейтін зауыттың құрылысы салына бастады. Зауыттың жобалық қуаты бойынша жылына 5200 тонна жіп иірілуге тиіс,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Шiлде 2003
  • 514
Фото - Caravan.kz

Шикі мақтадан жіп иіретін бірлескен қазақ-қытай «Инада» кәсіпорнының алғашқы кірпішін 8-шілдеде Облыстың Бірлік ауылдық округіне қарайтын Қоңырат ауылында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев қалады. 8,5 гектар аумақта қанат жаятын зауыттың құны 12 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр. Акцияларды 50 проценттен екі жақ тең бөліскен. №10 және №20 екі түрлі жіп өнімдерін Қытай жағы сатуға келісті. Бірлескен кәсіпорынды салуға дәл осы ауданның таңдап алынуы кездейсоқтық емес, зауытты шикізатпен қамтамасыз ететін «Мақтаарал » және «Ақ алтын» АҚ мақта зауыттары осы өңірде орналасқан.

Фабрика 2004-жылдың 8-мамырында пайдалануға берілмекші. Соның нәтижесінде Мақтааралдық 720 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар