Жарияланды: 410

Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта жинаудың болжамдық жоспары орындалды

Шымкент. 20 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында шикі мақта жинаудың болжамдық жоспары орындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Қанатбек Оспанбековқа сілтеме жасап.

"Бүгінгі күні 325 мың тонна шикі мақта жиналды, күн райы қолайлы, мақта жинау әлі де жалғасып жатыр. Түсім жаман емес", - деді Қ. Оспанбеков. "Сатып алу бағасы төмен жақсы болып тұр. Қазір шикі мақтаның бір тоннасы үшін 50 мың теңге беруде, ал маусым басталған кезде бір келісі үшін 77 теңгеден бастаған еді. Түсім жинау барысында сатып алу бағасы түскен мұндай жағдай бұрын болған емес, баға 40 процент төмендеді", - деді Қ. Оспанбеков. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін