Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент пен Түлкібас арасында жаңа теміржол байланысы орнады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент пен Түлкібас арасында жаңа теміржол байланысы орнады

Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент пен Түлкібас арасында жаңа теміржол байланысы орнады

Шымкент. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент пен Түлкібас арасында жаңа теміржол байланысы орнады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Қала маңындағы тасымал" АҚ-ның шымкенттік филиалының бастығы Фатима Палымбетоваға сілтеме жасап.

  • 24 Қараша 2008
  • 864
Фото - Caravan.kz

«Бұл жаңа дербес маршрут емес, біз бұрын болған Сарыағаш — Шымкент маршрутын Түлкібасқа дейін создық, енді бұл бағыт Сарыағаш — Шымкент -Түлкібас деп аталады. Оны біз адамдардың өтініші бойынша жасадық, өйткені, әкімдікке Түлкібас ауданына дейін қатынас ортану жөнінде хаттар түсетін», -деді Ф. Палымбетова.

Қала маңындағы тасмыал бөлімінің мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысында үш маршрут бар: облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Түркістан -Шымкент және Түлкібас — Сарыағаш, сондай-ақ, ҚТЖ қаржыландыратын Түркістан — Арыс маршруты бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар