Жарияланды: 770

Оңтүстік Қазақстан облысында "Шымкент-Түркістан" бағыты бойынша қала маңындағы теміржол көлік қозғалысы қайтадан іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында "Шымкент-Түркістан" бағыты бойынша қала маңындағы теміржол көлік қозғалысы қайтадан іске қосылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шымкент темір жол бекетінің анықтамалық қызметінен хабарлады.

Ертеректе жұмыс істеп келген қала маңындағы "Шымкент-Түркістан" және "Шымкент-Шеңгелді" бағыттары қаржы тапшылығанан осыдан бір жыл бұрын жабылған болатын. Бірнеше айдан кейін облыстық әкімшілік "Шымкент-Шеңгелді" бағытына дотация түрінде 20 млн. теңге бөлген, әйтсе де, облыс орталығы мен Түркістан арасындағы автожол байланысы жақсы дегенді алға тартқан әкімшілік екінші бағытқа қаржы бөлген жоқ. 2003-жылдың желтоқсан айында "Қазақстан темір жолы" ҰК-ның басшылығы өз қаржысы есебінен "Шымкент-Түркістан" бағытын қайтадан іске қосуға шешім қабылдады. Бағыттың қалыпты жұмыс істеуі үшін жылына 60 млн. теңге қажет. Бағытқа шығатын теміржол составы екі вагоннан тұрады. "Шымкент-Түркістан " отарбасы күн сайын 150 жолаушы тасымалдайды, ал демалыс күндері олардың саны 400 адамға дейін жетеді. Билет құны 185 теңге. Отарба 22 бекетте аялдайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін