Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 28-мамырда Қақпақ ауылынан 7 шақырымда орналасқан жабық танк полигонында ауылдың үш тұрғыны түсті металл жинап жүрген. 10 сағат 30 минутта полигонда жарылыс шықты. Соның салдарынан 15 жастағы бозбала жарықшақ тиіп қаза тапса, 16 жастағы тағы бір бозбала ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қаза тапқан жігіттің әкесі зардап шеккен жоқ.
Қазір Қазығұрт аудандық ІІБ-ның қызметкерлері қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тексеруде. Жарылыстың себептерін сарапшылар таяу уақыттарда анықтайды.