Оңтүстік Қазақстан облысында су жинағыштың шахтасында үш жұмысшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында су жинағыштың шахтасында үш жұмысшы  қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысында су жинағыштың шахтасында үш жұмысшы қаза тапты

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында су жинағыштың шахтасында үш жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 23 Тамыз 2005
  • 411
Фото - Caravan.kz

21-тамыз күні кешкі сағат 20 шамасында «Түркістан су маркетинг» кәсіпорнының су басып қалған шахтасына 46 жастағы ер адам батып кеткен. Мәйітті алып шығу барысында құтқарушылар тағы бір адамның өлі денесін тапты. Қазір оның аты-жөні анықталуда.

Су басу себептерін анықтау үшін «Түркістан су маркетинг» кәсіпорнының дәнекершісі шахтаға түскен. Бірақ осыдан кейін ол тағы да хабарсыз кеткен. Соңынан оның тұншығып өлгені белгілі болды.
Қазір Түркістан қалалық ІІБ тергеу жүргізуде. Оқиға орнында Оңтүстік Қазақстан облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің комиссиясы жұмыс істеуде. Ол өндірістік оқыс оқиғаның жай-жапсарын анықтау үстінде.

Перейти к новостям спорта