Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны өсуде - прокуратура - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны өсуде - прокуратура

Оңтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны өсуде - прокуратура

ШЫМКЕНТ. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында қолданылып жатқан шараларға қарамастан сыбайлас жемқорлық қылмыстарының саны өсуде, деп хабарлады кеше өткен құқық қорғау органдарының үйлестіру кеңесінде облыс прокуроры Марат Ахметжанов.

  • 21 Желтоқсан 2006
  • 722
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі уақытта жасалған және анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстары санының өскендігі байқалады, яғни былтырғы көрсеткіш 125, ал биылғы қылмыс саны 164-ке дейін өскен», — деді М. Ахметжанов. Облыстық прокуратураның мәліметтерінше, қылмыстық жауапкершілікке тартылған 30 адам ішкі істер органдарының қызметкерлері.

«Сондай-ақ, шенеуніктер арасындағы құқық бұзушылықтардың саны қылмыстар санынан төрт есе артық, ал олардың мемлекетке әкелген шығыны қылмыстардан кем түспейді»,- деді М. Ахметжанов. Соның ішінде қазіргі жағдаймен сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 598 қызметкер жауапқа тартылды, оның ішінде прокуратура тарапынан қолданған шаралар аясында 231 адам, қаржы полициясы — 248, ҰҚКД — 67, ІІД — 18, облыстың тәртіп кеңесі — 16 және басқа органдар тарапынан 18 адам жауапқа тартылған.

Сонымен қатар, М. Ахметжанов бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық мәселесі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысында қарастырылғанын еске сала кетті. «Осындай аумақтағы кеңейтілген отырыс өткеннен кейін және де онда қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шешімдер қабылдағаннан кейін осы саладағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар санының айтарлықтай төмендеуі тиіс сияқты еді. Бірақ, бұл жағдай жақсармай отыр», — деді облыс прокуроры. Оның сөзіне сүйенсек, прокуратура органдары 2006 жылдың екінші жарты жылдығында құқыққа қайшы әрекеттерімен мемлекетке 150 млн. теңге көлемінде шығын әкелген жергілікті атқару органдарының қызметінде көптеген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар анықтаған.

«Әртүрлі департаменттерде, ведмоствалар мен әкімшіліктерде бірдей құқық бұзушылықтар болғанда, түсініксіз жағдай қалыптасады», — деді баяндама жасаушы. «Бұл жағдайдың қайталанбауы үшін құқық қорғау органдарынан түскен лауазымды тұлғалардың құқық бұзушылықтары туралы материалдарды талдап, жүйелеп және жинақтап қорытып, сонымен қатар зерделеу үшін қарамағындағы барлық мекемелер мен әкімшілікке жолдаған тиімді болады», — деп өз ұсынысын айтты прокурор.

Соныман қатар, М.Ахметжанов мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқауларды жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органдарға қаржыны тиімсіз пайдалану деректері анықталса, мердігерлерге материалдық санкциялар мен айыппұлдар салуды, сонымен қатар келген шығынды кінәлі лауазымды тұлғаның қайтаруына мәжбүрлеуді қолға алу керек деп кеңес берді. «Осында қадам ғана бюджет қаржысын талан-таражға салмас бұрын ақылға салып, ойлануға мәжүбірлейді», — деді облыс прокуроры.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта