Жылға ауылының 18-22 жас аралығындағы төрт тұрғыны 20-қыркүйекте Әлімтау ауылынан балық аулауға шыққан. Бір тәуліктен кейін олардың екеуінің мәйітін жергілікті тұрғындар өзеннен тауып алды. Қазір аудандық ішкі істер басқармасы мен облыстық құтқару қызметінің мамандары қалған екі адамның мәйітін іздестіріп жатыр.