Оңтүстік Қазақстан облысында табиғаттың тосын мінезінен 2 мыңнан астам үй мен әлеуметтік нысан зақымданды
Оңтүстік Қазақстан облысында алапат дауыл 2 мыңнан астам үй мен әлеуметтік нысанға зақым келтірген. |
«Созақ ауданында дауылдан 19 мектеп, 5 бала-бақша, 9 емхана, 5 ауруханағ 2 мәдениет мекемесі, 1949 тұрғын үй, 23 коммерциялық нысан, 4 мешіт, 3 стадион, 8 жылыжай мен 174 көпқабатты үй зақымданды», - деп сейсенбі күні облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламаға қарағанда, қазір апат аймағында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Бастапқы есеп бойынша табиғаттың тосын мінезінен келтірілген шығын мөлшері 810 млн теңгеге бағаланып отыр.
Дүйсенбі күні осы мәселеге қатысты шұғыл кеңес өткізген облыс әкімінің орынбасары Берік Оспанов «шығынның орны аймақ бюджеті есебінен толтырылатынын» және «қалпына келтіру жұмыстарының екі аптада аяқталатынын» алға тартты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін