Оңтүстік Қазақстан облысында тағы төрт балада "Вич індеті" деген диагноз расталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында тағы төрт балада "Вич індеті" деген диагноз расталды

Оңтүстік Қазақстан облысында тағы төрт балада "Вич індеті" деген диагноз расталды

ШЫМКЕНТ. 8 тамыз. Kazakhstan Today. "Вич індеті" деген диагноз тағы төрт балада расталды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ОҚО денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Рахима Қуандықова хабарлады.

  • 8 Тамыз 2006
  • 451
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жуырда республикалық СПИД-ке қарсы орталықтың мамандары алғашында күдік туғызған тоғыз баланың төртеуіне жүргізілген зерттеулер оң нәтиже бергенін растады. Қалған бес бүлдіршіннің денсаулығы әлі тексерілуде. Сонымен, қазіргі таңда ОҚО қатерлі дертке шалдықты деген диагноз екі айлық бүлдіршіннен екі жас аралығындағы он балада расталды.

Осыған дейін хабарланғанындай, Оңүстік Қазақстан облысында он бес балаға ВИЧ індетін жұқтырған деген диагноз қойылған болатын. Көп ұзамай оның алтауынан осы диагноз расталды.

ОҚО-да шілде айында ВИЧ жұқтырған 11 адам анықталған, оның 11 ересек, төртеуі бала. 1-тамыздағы жағдай бойынша, облыста 754 адам ВИЧ жұқтырғандар тізімінде тұр.

Бүлдіршіндердің қауіпті дертке шалдығуына байланысты, бүгінде облыс бойынша төрт жұмыс тобы зерттеулер жүргізуде. Оған денсаулық сақтау, санэпидқадағалау, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет сапасын бақылау және фармацевтикалық бақылау басқармаларының мамандары кірген. Олар екі ай аралығында облыстағы 153 аурухананы, 161 амбулаториялық емхананы, 546 фельдшерлік- акушерлік бөлімшені тексеруі керек.
Бұл шараның басты мақсаты — санитарлық ережелерді сақтамаудағы былықтарды анықтау және жалпы халық денсаулығын сақтау барысында жүргізіліп жатқан шараларды тексеру. Жұмысшы топ басшылары халыққа көрсетіліп жатқан медицина қызметі туралы, ақ халаттылардың білім деңгейі, медицина нысандарының санитарлық жағдайы, профилактикалық шаралардың жүргізілу барысы жайында, тағы басқа да шаралар туралы толыққанды есеп әзірлеуі тиіс. Тексеру нәтижесі облыс әкімшілігінде қаралады.

Перейти к новостям спорта