Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын салдарынан бірнеше үй қирады, зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында  тасқын салдарынан бірнеше үй қирады, зардап шеккендер жоқ

Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын салдарынан бірнеше үй қирады, зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында тасқын салдарынан бірнеше үй қирады, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Мамыр 2007
  • 403
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шымкентте 19-мамырда жаңбырдан кейінгі тасқын салдарынан 40 көше мен 15 жай үй су ішінде қалды. «Соның ішінде 4 үй жартылай бүлінсе, бір үй толық құлап қалды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Министрлік ақпаратына сәйкес, бүлінген үйлердің тұрғындары уақытша басқа жаққа көшірілді, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

«20-мамырдағы 18 сағаттағы жағдаймен 15 жай үйдегі су сорғызып алынды, жертөлелер мен бақшалардан суды сорғызу жұмыстары жалғасуда»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға түрлі құрылымдардан 40 адам мен 11 техника жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті