Оңтүстік Қазақстан облысында тау-кен қалдықтарынан темір бөліп алатын өндіріс іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында тау-кен қалдықтарынан темір бөліп алатын өндіріс іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысында тау-кен қалдықтарынан темір бөліп алатын өндіріс іске қосылды

Оңтүстік Қазақстан облысының Ащысай ауылында тау-кен қалдықтарынан темір концентратын бөліп алатын өндіріс іске қосылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Қыркүйек 2005
  • 512
Фото - Caravan.kz



Қазіргі жағдаймен кәсіпорын айына 1,5 мың тонна темір концентратын өндіре алады. Алдағы уақытта дайын өнім мөлшерін ұлғайту көзделіп отыр. Сонымен бірге технологиялық процесс барысында қалдықтардан кокс алынады. Кәсіпорында 70 адам жұмыс істейді. Өндіріс қуатын арттыру нәтижесінде жұмысшылар санын екі есе арттыру көзделген.
Бұрынғы Ащысай кенішінің үйінділеріндегі темір концентратының қоры 1,5 млн. тоннаға бағаланып отыр.
Кентау әкімшілік аймағының Ащысай ауылында бұрынғы Шымкент қорғасын зауытын (қазіргі «Южполиметалл» ЖАҚ) шикізатпен қамтамасыз етіп келген қуатты тау-кен кәсіпорны жұмыс істеген. 90-шы жылдардың аяғында кеніштегі қордың түгесілуіне байланысты кен өндіру ісі тоқтатылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта