Оңтүстік Қазақстан облысында темір жол қызметкерлері жанармай ұрлаған күдіктілер ретінде құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында темір жол қызметкерлері жанармай ұрлаған күдіктілер ретінде құрықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында темір жол қызметкерлері жанармай ұрлаған күдіктілер ретінде құрықталды

Шымкент. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент станциясы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Қазығұрт ауданы Текесу бекетінің қызметкерлерін жанармай ұрлаған күдіктілер ретінде құрықтады. Бұл туралы Шымкент станциясы желілік ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің аға тергеушісі Арман Бекмұратов жуңрналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 364
Фото - Caravan.kz

А. Бекмұратовтың айтуынша, төрт теміржолшы теміржол цистерналарынан жанармай ұрлап жатқан кезде ұсталған. Олардың арасында вагондарды құрастырушы, тексерушілер мен әскерилендірілген күзет қызметкерлері бар.

«Олар ұрлық үстінде ұсталды. Ұрылар алты цистернадан аздан-аздан жанармвй алып үлгерген кезде құрықталды, жанармай канистрлерге құйылып, жасырын жерге жеткізілген», — деді А. Бекмұратов.

Тәртіп сақшылары ұрылардан жанармай құйылған 80 канистр алды. Ұрлық дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар