Оның айтуына қарағанда, жыл басынан бері облыста азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу деректері бойынша 7 қылмыстық іс қозғалған. Үш қылмыстық істі тексеру доғарылып, екі іс бойынша тергеу жалғасып жатса, бір іс сотқа жіберіліп, бір шағым қабылданбаған. Соның ішінде қылмыстық іске қатысты дәлелдерді бұрмалағаны үшін тергеушінің үстінен қозғалған қылмыстық істі атауға болады. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің «Билігін немесе қызмет бабын асыра пайдалану» жөніндегі 308-бабы, сондай-ақ, «Қызметін пайдаланып жалған әрекетке жол беру» жөніндегі 314-бабы бойынша айып жүктеліп, қылмыстық іс сотқа жетті. Заң бұзған тергеуші құқық қорғау мекемесінен шығарылды.
Биыл сондай-ақ, жауапкершілікке заңсыз тарту жөніндегі айып бойынша 5 қылмыстық іс қозғалды.
Ал өткен жылы азаматтардың конституциялық құқығын бұзуға байланысты 10 қылмыстық іс, жауапкершілікке заңсыз тартуға қатысты 15 іс қозалды.
Аталмыш баптар бойынша қозғалған қылмыстық істердің азаю ағымын С.Майлыбаев құқық қорғау органдары жұмысының жақсаруымен байланыстырады.
Өз кезегінде, облыстық соттың судьясы Наталья Павлованың айтуынша, «қылмыстық істердің шамамен 99 проценті сотқа мойындалған түрде жетеді. Бірақ сотталушылар біздің алдымызға келе «қылмысты тергеушіден жеген таяқтың күшімен мойындадым» дегенді айтады.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр
Жаңалықтар
17 Сәуiр