Оңтүстік Қазақстан облысында төрт бала жүк тиелген құрамның астына түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында төрт бала жүк тиелген құрамның астына түсіп қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында төрт бала жүк тиелген құрамның астына түсіп қалды

Шымкент. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент маңындағы Қызылсай бекетінде төрт ұл бала жүк тиелген құрамның астына түсіп қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 26 Мамыр 2008
  • 410
Фото - Caravan.kz

«25 мамырда 15 сағат 38 минутта төрт бала жүк тиелген құрамның астына түсіп қалды. Олардың үшеуі оқиға орнында жан тапсырып, біреуі ауыр жағдайда Сайрам аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді».

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі бала сегіз жаста, екеуі- он бір жаста. Олардың бәрі де Сайрам ауданында тұрады.

Қазір оқыс оқиғаның себептері анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті