Оңтүстік Қазақстан облысында төрт жасар қызға мал бақтырған - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында төрт жасар қызға мал бақтырған

Оңтүстік Қазақстан облысында төрт жасар қызға мал бақтырған

Шымкент. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы Жаңажол ауылында төрт жасар қызға мал бақтырған, оны ұрып-соғып, ашқұрсақ тірлікке мәжбүрлеген, деп хабарлайды агенттік тілшісі ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Қазан 2008
  • 867
Фото - Caravan.kz

Қыз туралы жергілікті тұрғындар «Айғақ» телеарнасының журналистеріне хабарлаған. Соққыға жығылып, аш жүрген қыз бала туралы телесюжеттен кейін ауылға прокуратура мен полиция өкілдері келіп, қызды кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау, бейімдеу және сауықтыру орталығына алып кеткен.

Көршілерінің айтуынша, атын Дина деп айтқан қыз бұл үйде осыдан жарты жыл бұрын пайда болған. Оның ата-анасы кім екені әзірге белгісіз. Ол келген отбасының мүшелері қызды ұрып- соғып, тамақ бермей ашықтырып, мал бақтырған. Қазір полиция оның туыстарын анықтау үстінде. ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзованың айтуынша, «қылмыстық іс қозғау үшін дәйекті дәлел керек және қыздың құлдықта болу дерегін анықтау қажет».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар