Оңтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін тұтқындалды

Оңтүстік Қазақстан облысында түзету мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін тұтқындалды

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментімен бірлесіп 167/10 түзету мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарын пара алған жерінен қолға түсірді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 404
Фото - Caravan.kz

ІІББ-ның ақпаратына сәйкес, түзету мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары үш жылға сотталған Камаледдин Әділов есімді азаматтан абақтыдан шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуға кедергі келтірмеймін деген уәденің төлеміне 15 мың теңге талап еткен көрінеді. К.Әділовтан алған ақша түрме бастығы орынбасарының жұмыс бөлеміндегі тумба ішінен табылып, тәркіленді. Тергеуді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның тергеу басқармасы жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар