Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚКД қызметкерлері күш құрылымдарының үш қызметкерін ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚКД қызметкерлері күш құрылымдарының үш қызметкерін ұстады

Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚКД қызметкерлері күш құрылымдарының үш қызметкерін ұстады

Шымкент. 30 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында ҰҚКД қызметкерлері жол полициясы бөлімшелерінің екі басшысы мен қаржы полициясының аға инспекторын ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 30 Қазан 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық ҰҚКД тергеу басқармасы Шымкенттің Абай аудандық ІІБ жол полициясы бөлімшесінің бастығы, полиция майоры мен Оңтүстік Қазақстан облыстық Сайрам ауданы ІІБ жол полициясы бөлімшесінің бастығы, полициясы майорының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану жөніндегі 307-ші бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталғандар лауазымдық құзыретін пайдаланып 2007-2008 жылдар аралығында көлік құралдарының мемлекеттік техникалық тексеруінен өткендігі туралы куәліктерді көлік иелеріне заңсыз сатып келген.

Сондай-ақ, ОҚО ҰҚКД шұғыл тергеу тобы 1,5 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы, қаржы полициясының подполковнигін ұстады.

«Қаржы полициясының подполковнигі аталған ақшаны Шымкент тұрғынынан өтініш бойынша оң шешім қабылдау үшін бопсалаған. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің пара алу жөніндегі 311-ші бабының 2 -тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол ҰҚКД тергеу абақтысына қамалды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар