9- қыркүйекте бір Шымкенттік әйел полицияға шағымдана келді. Ол 3 жасар қызын Өзбекстаннан жұмыс іздеп келіп, үйінде пәтер жалдап тұратын әйел ұрлап әкеткенін хабарлаған. Күдікті әйелдің фотороботы жасалып, оған іздеу жарияланды. Тоғыз күннен кейін тәртіп сақшылары оны ұрланған баламен бірге қазақ-өзбек шекарасынан өтуге әрекет жасаған сәтте Жібек Жолы ауылында қолға түсірді.
«Әйел елімізге заңсыз келген. Ұрланған қызбен бірге ол осы уақыт ішінде Астанада, Таразда және басқа да елдімекендерде болған. Қазір тергеушілер баланы ұрлау себептерін анықтауда»,- деді Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова.
Ішкі істер органдары ұсталған әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің «адам ұрлау» жөніндегі 125-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті