Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті тағы екі бала мен індет жұқтырған бір баланың анасынан анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті тағы екі бала мен індет жұқтырған бір баланың анасынан анықталды

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті тағы екі бала мен індет жұқтырған бір баланың анасынан анықталды

ШЫМКЕНТ. 22-желтоқсан. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті тағы екі бала мен індет жұқтырған бір баланың анасынан табылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 23 Желтоқсан 2006
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақыттағы жағдаймен індет 84 баладан анықталып отыр, олардың сегізі әртүрлі аурулардан көз жұмды», — деп хабарлады жұма күні өткен ВИЧ-пен күрес жөніндегі штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Вячеслав Дудник. Сонымен қатар, ВИЧ індетін жұқтырған аналар қатарының санына тағы бір ана қосылды.

«ВИЧ індеті анықталған 12 ананың індетті қандай жолмен жұқтырғаны әлі анықталмай отыр», — деді В. Дудник. Осыған байланысты «CDC/CAR халықаралық ұйымдарымен бірлесе отырып, қосымша зерттеулер жүргізіледі»,- деді ол.

Облыстық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, сондай-ақ, ОҚО Қазығұрт ауданында аурухана ішіндегі індеттің жаңа ошағы анықталды. «Қазығұрт ауданы бойынша ВИЧ індетін жұқтырған жеті бала анықталды, олардың алтауы аурухана ішіндегі ошақтан, осы жеті баланың ішіндегі бір баланың анасы да ВИЧ індетін жұқтырған», — деді ол.

Бір апта бұрын ОҚО 82 баладан (сегізі қайтыс болып, біреуін асырап алған) және осы індет жұқтырған балалардың 11-нің анасынан ВИЧ індеті табылғандығын естеріңізге сала кетейік. Дәрігерлер аураудың инкубациялау кезеңі екенін ескере отырып, індет жұқтырғандардың санының әлі де өсуі мүмкін екендігін айтуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта