Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 119-ға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында  ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 119-ға жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 119-ға жетті

ШЫМКЕНТ. 4-шілде. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 119-ға жетті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық СПИД орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Шiлде 2007
  • 353
Фото - Caravan.kz

«ВИЧ диагнозы Шымкентте тұратын, 2005 -жылы туған тағы бір балаға қойылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. СПИД орталығының мәліметінше, бала түрлі емдеу мекемелеріне төрт мәрте жатқызылған, ол жерлерде оған бұлшық етіне екпе егілген, қан тамырына екпе егілмеген және қаны ауыстырылмаған.

«Төртінші мәрте ауруханаға жатқызылағанда ВИЧ індетіне тексерілген», — дейді баспасөз хатшысы. Оның айтуынша, баладан ВИЧ індетінің бірінші сатысы анықталды, арнаулы АРТ-терапияға мұқтаж емес.

Баланың анасынан ВИЧ індеті анықталған жоқ, ал әкесінің зерттеулері әлі тексеріліп жатыр.

Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 119-ға жетті. Олардың оны қайтыс болды. Сонымен бірге ВИЧ індеті 14 анадан анықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті