Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 58-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны  58-ге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 58-ге жетті

ШЫМКЕНТ. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 58-ге жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаменті журналистерге хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2006
  • 382
Фото - Caravan.kz

Қазір балаларды ВИЧ індетіне қатысты тексеру одан әрі жалғасуда. Алайда, департаменттің хабарлауынша, медицина қызметкерлері кейбір қиындықтарға тап болды. Кейбір балалардың аты-жөні тізімде бірнеше мәрте қайталанған. «Нақтылау нәтижесінде індет жұқтырған балалармен байланыста болған 12 мың баланың саны 2-3 мыңа кемитін сияқты»,- деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Сонымен бірге адамдардың мекен-жайына байланысты қиындықтар туындау салдарынан медицина қызметкерлері мекен-жай бюросы мен облыстық АХАЖ қызметінің көмегіне жүгінуге мәжбүр.

«Соған қарамастан, балаларлы тексеру алдағы 2-3 күнде аяқталады»,- дейді департаменттегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта