Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 61-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны  61-ге жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 61-ге жетті

ШЫМКЕНТ. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 61-ге жетті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының міндетін атқарушы Талғарбек Мейірханов хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2006
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдаймен СПИД орталығының республикалық зертханасы 61 балада ВИЧ індетін растады, 8 сынама қайталап тексерілуде»,- деді Т.Мейірханов ВИЧ індетімен күрес жөніндегі облыстық штабтың отырысында.

Денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, 25-қыркүйектегі жағдаймен 2 мыңдай бала ВИЧ індетінен тексерілді. Дәрігерлер балаларды іздеудің қиындығын алға тартуда. Облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев бұл іске құқық қорғау мекемелерін тартуды тапсырды. Балаларды тексеру алдағы 2-3 күнде аяқталады деп күтілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта