Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны  69-ға жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті

ШЫМКЕНТ. 28-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 69-ға жетті, бес бала қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау департаменті штаб отырысында таратқан баспасөз баянында айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2006
  • 352
Фото - Caravan.kz

Сонымен бірге індет жұқтырған бес баланың анасынан да ВИЧ індетінің қоздырғышы анықталды. Қазіргі жағдаймен СПИД орталығының республикалық зертханасында 8 бала мен 14 әйелдің сынамалары тексерілуде.

Жалпы аланда облыстық СПИД-пен күрес орталығында 2006-жылдың 3-шілдесінен бері ВИЧ індетіне 28 710 зерттеу жүргізілді. 12 285 баланың 8900-ы тексерілді. Тексеруден өтуге тиіс 175 донордың 166-сы тексерілген. Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау департаментінің мәліметіне сәйкес, қазір 6 донор іздестіріліп жатыр, бір студент қыз Ресейде оқуда жүрсе, екі донор қайтыс болған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта