Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 87 жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында  ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 87 жетті

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 87 жетті

ШЫМКЕНТ. 11 қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында қатерлі ВИЧ дертіне шалдыққандардың жалпы саны 87 адамға жетті. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне облыстық СПИД орталығының бас дәрігері Наталья Бабина хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2007
  • 440
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптада Қазығұрт ауданының үш баласына қатысты диагноз расталды. Алғашқы тест желтоқсанда өткізілгенді»,-дейді Н.Бабина.

Осыған дейін хабарланғандай өткен жылдың соңында Оңтүстік Қазақстан облысының мамандары Қазығұрт ауданында қатерлі дерттің екінші ошағын анықтаған болатын. Аудандағы ауруханада облыстық балалар ауруханасынан иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырған бүлдіршін емделген. Оған бірнеше мәрте пайдаланған медициналық құралды өзге балаларға қолданудың салдарынан тағы он шақты бала ВИЧ жұқтырған.

Сонымен, қазіргі кезде ВИЧ -індетіне шалдыққан балалардың саны 87 жетті, ал кеселге шалдыққан аналардың саны он екі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта