Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны тағы біреуге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны тағы біреуге артты

Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны тағы біреуге артты

ШЫМКЕНТ. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған тағы бір бала анықталды,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Қаңтар 2007
  • 390
Фото - Caravan.kz

«24-қаңтардағы жағдаймен ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 88 болды»,- деді облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы агенттік тілшісіне. «Ал ВИЧ індетін жұқтырған әйелдердің саны өзгерген жоқ»,- деді ол.

Сөйтіп, қазіргі жағдаймен Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індеті 88 бала мен олардың 12 анасынан анықталды. Індет жұқтырған 8 бала қайтыс болып, бір баланы асырап АҚШ-қа алып кеткен, тағы екі баланың отбасы облыс аумағынан тысқары жерде жүр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта